Жоба туралы

Бабасөз — қазақ тілін деңгейлік модель, лингвокоммуникация және нейротілбілім әдістерімен зерттеу мен оқытуды біріктіретін ұлттық жоба.

Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама атауы

BR28713427 – Үздіксіз білім берудегі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес лингвокоммуникация мен нейролингвистика негізінде мемлекеттік тілді деңгейлік меңгертудің әлеуметтік-педагогикалық парадигмасы

Бағдарламаны іске асыру мерзімі

2025–2027 жылдар

Қаржыландыру түрі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы

Орындаушы ұйым

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Серіктес ұйым

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Бағдарлама атауы

BR28713427 – Үздіксіз білім берудегі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес лингвокоммуникация мен нейролингвистика негізінде мемлекеттік тілді деңгейлік меңгертудің әлеуметтік-педагогикалық парадигмасы

Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама атауы

BR28713427 – Үздіксіз білім берудегі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес лингвокоммуникация мен нейролингвистика негізінде мемлекеттік тілді деңгейлік меңгертудің әлеуметтік-педагогикалық парадигмасы

Бағдарламаны іске асыру мерзімі

2025–2027 жылдар

Қаржыландыру түрі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы

Орындаушы ұйым

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Серіктес ұйым

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Бағдарламаның мақсаты

Үздіксіз білім беру жағдайында мемлекеттік тілді меңгертудің ғылыми негізделген моделін әзірлеу, көптілді және көпмәдениетті ортада тұлғаның тілдік, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған тиімді білім беру тетіктерін қалыптастыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары

Қазақ тілін А0-С1 деңгейлері бойынша оқытудың ұлттық моделін әзірлеу

Лингвокоммуникация мен нейролингвистика негізінде оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыру

Көптілді және көпмәдениетті білім беру жағдайында мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді әдістемелерін әзірлеу

Үздіксіз білім беру жүйесіне арналған оқу-әдістемелік кешендер дайындау

«Көптілді тұлға» моделін әзірлеу және апробациялау

Заманауи мұғалімнің кәсіби моделін қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер

Бағдарлама нәтижесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытуға арналған жаңа буын оқу-әдістемелік кешендері, бағалау құралдары, ғылыми еңбектер, әдістемелік ұсынымдар мен білім беру бағдарламалары әзірленеді. Сонымен қатар қазақ тілін үздіксіз білім беру жүйесінде оқытудың ұлттық ғылыми тұжырымдамасы қалыптастырылады.

Мақсат пен міндеттер

Жобаның негізгі мақсаты – үздіксіз білім беру жағдайында мемлекеттік тілді халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгертудің ғылыми негіздерін әзірлеу, лингвокоммуникация мен нейролингвистика жетістіктеріне сүйене отырып, көптілді және көпмәдениетті ортада қазақ тілін тиімді оқытудың әлеуметтік-педагогикалық парадигмасын қалыптастыру.

Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі тек тіл үйретумен ғана шектелмейді. Ол тұлғаның ұлттық бірегейлігін сақтауымен, мәдениаралық коммуникацияға бейімделуімен, әлеуметтік және кәсіби ортада еркін әрекет етуімен тығыз байланысты. Осыған орай жоба қазақ тілін меңгертудің ғылыми негізделген, жүйелі және үздіксіз моделін қалыптастыруды көздейді.

Жобаның міндеттері

Үздіксіз білім беру жағдайында көптілді және көпмәдениетті оқыту мәселесіне қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге кешенді талдау жүргізу

Көптілді білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін зерттеп, оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу

«Көптілділік» және «көпмәдениеттілік» ұғымдарының теориялық негіздерін айқындау және олардың білім беру жүйесіндегі орнын анықтау

Қазақ тілін деңгейлік меңгертудің ғылыми-әдіснамалық, дидактикалық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру

Балабақша, мектеп, колледж және жоғары оқу орны деңгейлерінде қазақ тілін оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ететін модель әзірлеу

А0, А1, А2, В1, В2 және С1 деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер мен бағалау құралдарын әзірлеу

Лингвокоммуникация және нейролингвистика негізінде мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын ұсыну

Көптілді білім беру жағдайында қызмет ететін заманауи педагогтің кәсіби моделін қалыптастыру

Қазақ тілін меңгерген және көпмәдениетті ортада еркін әрекет ете алатын «Көптілді тұлға» моделін әзірлеу және апробациядан өткізу

«Күміс университет» жобасы аясында өмір бойы білім алу қағидатын қолдайтын білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Жалпы, техникалық-кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындау

Қазақ тілін оқыту тәжірибесіне инновациялық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мүмкіндіктерін зерттеу

Жобаның түпкі нәтижесі

Жобаның түпкі нәтижесі мемлекеттік тілді деңгейлік меңгертудің ұлттық ғылыми моделін қалыптастыруға, қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға және көптілді қоғам жағдайында бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге бағытталған.

Нәтижелер мен өнімдер

Бағдарлама аясында мемлекеттік тілді үздіксіз білім беру жүйесінде деңгейлік меңгертудің ғылыми-әдіснамалық негіздері әзірленіп, білім беру практикасына енгізуге бағытталған кешенді нәтижелер мен инновациялық өнімдер дайындалады.

Оқу-әдістемелік өнімдер

Бағдарлама барысында қазақ тілін халықаралық және ұлттық стандартқа сәйкес деңгейлік оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді. Әр деңгей бойынша оқу бағдарламалары, оқу құралдары, тапсырмалар жүйесі, бағалау материалдары және цифрлық контент дайындалады.

A0қарапайым деңгей
A1бастапқы деңгей
A2негізгі деңгей
B1орта деңгей
B2ортадан жоғары деңгей
C1жоғары деңгей

Ғылыми нәтижелер

Бағдарлама аясында көптілді білім беру, лингвокоммуникация және нейролингвистика мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Нәтижесінде:

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жарияланады

отандық ғылыми басылымдарда зерттеу нәтижелері жарық көреді

ғылыми конференциялар мен форумдарда баяндамалар ұсынылады

ұжымдық монографиялар мен ғылыми жинақтар дайындалады

Ғылыми-әдіснамалық әзірлемелер

қазақ тілін деңгейлік меңгертудің әлеуметтік-педагогикалық парадигмасы

көптілді білім берудің ғылыми-әдіснамалық моделі

лингвокоммуникация мен нейролингвистикаға негізделген оқыту технологиялары

мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемелік жүйесі

Инновациялық модельдер

Бағдарлама аясында алғаш рет келесі ғылыми модельдер ұсынылады:

«Көптілді тұлға» моделі

Қазақ тілін, ана тілін және шет тілдерін тиімді меңгерген, көпмәдениетті ортада еркін әрекет ете алатын тұлғаның құзыреттер жүйесін сипаттайтын модель.

«Заманауи мұғалім» моделі

Көптілді білім беру жағдайында жұмыс істей алатын, цифрлық технологияларды меңгерген, коммуникативтік және нейролингвистикалық тәсілдерді қолданатын жаңа буын педагогінің кәсіби моделі.

Бағалау құралдары

диагностикалық тесттер

аралық бақылау құралдары

қорытынды бағалау жүйесі

деңгейлік құзыреттер дескрипторлары

Білім беру бағдарламалары

үздіксіз білім беру ұйымдарына арналған бағдарламалар

мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары

«Күміс университет» тыңдаушыларына арналған білім беру бағдарламалары

Цифрлық ресурстар

Бағдарлама шеңберінде электрондық білім беру ресурстары, мультимедиялық материалдар, онлайн тесттер мен цифрлық оқу контенті дайындалып, білім алушылар мен педагогтердің кеңінен пайдалануына ұсынылады.

Практикалық маңызы

Бағдарламаның барлық нәтижесі мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруға, көптілді тұлғаны қалыптастыруға және Қазақстандағы үздіксіз білім беру жүйесін ғылыми тұрғыдан жетілдіруге бағытталады.

Серіктестер

Жобаны іске асыруға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысады. Серіктестік ғылыми әлеуетті біріктіруге, зерттеу нәтижелерінің сапасын арттыруға және оларды білім беру практикасына тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Жобаның негізгі орындаушысы ретінде университет ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді, оқу-әдістемелік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастырады және жобаның негізгі нәтижелерін білім беру жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуеті мемлекеттік тілді оқыту, лингвистика, педагогика, психология және білім беру технологиялары бағытындағы кешенді зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Серіктес ұйымдар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазақ-Британ техникалық университеті

Назарбаев Университеті

КИМЭП университеті

Астана Ресей-Қазақстан университеті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

«Хабар» Теле-Агенттігі

Ғылыми қауымдастық

Жоба жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру ұйымдарының педагогтері мен сарапшылары тартылады. Көпсалалы ғылыми ынтымақтастық лингвистика, нейролингвистика, педагогика, психология, әлеуметтану және білім беру технологиялары бағыттарындағы заманауи ғылыми жетістіктерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдары

Жоба нәтижелерін апробациялау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы орта білім беретін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелері қатысады. Бұл серіктестік әзірленген әдістемелердің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеруге және оларды еліміздің білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастық

Жоба халықаралық тәжірибені зерделеуге, көптілді білім беру саласындағы үздік практикаларды енгізуге және ғылыми нәтижелерді әлемдік академиялық кеңістікке танытуға бағытталған. Осы мақсатта шетелдік ғылыми ұйымдармен, зерттеу орталықтарымен және білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту көзделген.

Серіктестік желісінің басты мақсаты

Серіктестік желісінің басты мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың ғылыми негізделген ұлттық моделін қалыптастыру, білім беру сапасын арттыру және Қазақстанның көптілді білім беру кеңістігін дамытуға үлес қосу.

Жоба жетекшісі мен орындаушылары

Ф.Ш.
Бағдарлама жетекшісі

Ф.Ш. Оразбаева

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ғылыми бағыты: Тілдік қатынас теориясы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, коммуникативтік технологиялар

Бағдарлама орындаушылары

Даулетбекова Жанат Турарбековна

доктор педагогических наук, профессор, главный научный сотрудник

Рахметова Райгуль Садуакасовна

доктор педагогических наук, доцент, главный научный сотрудник

Жаксыликова Куляй

доктор педагогических наук, профессор, главный научный сотрудник

Рауандина Айтжамал Калкеновна

кандидат педагогических наук, главный научный сотрудник

Оразалиева Эльмира Нурлановна

доктор филологических наук, профессор, главный научный сотрудник

Капантайкызы Шынар

доктор педагогических наук, профессор, главный научный сотрудник

Нургали Сауле

кандидат педагогических наук, ассоциированный профессор, главный научный сотрудник

Алибаева Меруерт Сарсебековна

кандидат педагогических наук, ассоциированный профессор, главный научный сотрудник

Исаева Жазира Исаковна

кандидат педагогических наук, доцент, главный научный сотрудник

Шадиева Нургуль Хамзахановна

кандидат педагогических наук, главный научный сотрудник

Ишпекбаев Жанатбек Ешенкожаевич

кандидат политических наук, член-корреспондент Национальной академии наук Республики Казахстан, ведущий научный сотрудник

Султан Ертай

PhD, ведущий научный сотрудник

Коканова Жаркинай Атаевна

кандидат филологических наук, ведущий научный сотрудник

Дуйсебек Адильхан Тлегенулы

Президент Академии национальных ценностей Республики Казахстан, старший научный сотрудник

Игенбаева Бижан Курмангалиевна

кандидат педагогических наук, доцент, старший научный сотрудник

Арынова Бакыт Айтуовна

кандидат педагогических наук, старший научный сотрудник

Оспанов Едилбай Тулебаевич

кандидат педагогических наук, старший научный сотрудник

Найманбаев Алмас Абдыманапович

PhD, старший научный сотрудник

Иманкулова Меруерт Амантайкызы

PhD, исполняющая обязанности ассоциированного профессора, старший научный сотрудник

Мазибаева Жанар Оралхановна

PhD, старший научный сотрудник

Богенбаева Айгерим Бектурганкызы

PhD, старший научный сотрудник

Токмурзаева Анар Боранбаевна

педагог-эксперт, старший научный сотрудник

Нургазиев Танат Есенбаевич

PhD, ведущий научный сотрудник

Рыскулова Айнагуль Дуйсенбеккызы

PhD-докторант, младший научный сотрудник

Молдагали Мадина Бауыржановна

PhD, младший научный сотрудник

Шуйиншали Абай Серикулы

PhD-докторант, младший научный сотрудник

Толтай Файзулла Елубайулы

PhD-докторант, младший научный сотрудник

Ахметова Актлек Жаксиликовна

магистр экономических наук, исполнитель программы

Естемесова Гулайым Алмазбековна

исполнитель программы

Топ туралы

Бағдарламаны мемлекеттік тілді оқытудың заманауи ғылыми бағыттары бойынша тәжірибесі мол ғалымдар мен зерттеушілерден құралған көпсалалы ғылыми ұжым жүзеге асырады.

Зерттеу тобының құрамына педагогика, лингвистика, нейролингвистика, білім беру әдістемесі, көптілді білім беру және ғылыми коммуникация салаларындағы жетекші мамандар енген. Команда мүшелері іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп қана қоймай, олардың нәтижелерін білім беру практикасына енгізу бағытында жүйелі жұмыс атқарады.

Бағдарлама аясында ғалымдар мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу, оқу-әдістемелік кешендер дайындау, апробациялық зерттеулер жүргізу, ғылыми жарияланымдар шығару және білім беру жүйесіне арналған инновациялық модельдерді қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады.

Зерттеу тобының басты мақсаты – халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес келетін, үздіксіз білім беру жүйесінде тиімді қолданылатын мемлекеттік тілді меңгертудің ғылыми негізделген ұлттық моделін әзірлеу.